Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і және М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің ЖІЖК-і және студенттік парламенттің құқық және тәртіп фракциясының ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.
Мақсаты — есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланылуының алдын алу.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков және колледжінің студенттері қатысты.
Аталмыш шарада жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері қарастырылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.