Бөлім меңгерушісі: Өтепов Тілләбек Лесханұлы, білімі жоғары, магистр
Бөлімде 06130100-Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) мамандығы, «4S06130105 — Ақпараттық жүйелер технигі» біліктілігі және 4S06130103 – Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы біліктіліктері бойынша мамандар дайындалады. «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» бөлімінде 17 топта жалпы 403 студент бар, оның 266 ер бала, 137 қыз бала (2023 жыл).
- І-жарты жылдықта бөлім студенттері «Аялы алақан» қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысып, өз белсенділіктерін көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталды.
- Бөлім студенттері спорттық іс-шараға дәлірек айтқанда волейболдан, баскетбол, футбол спорт түрлерінен бөлімдер арасында өткен жарыста «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» командасы екінші орын алып мақтау қағаздарымен марапатталды. Жалпы командалық есепте «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» бөлімінің командасы І- орын алып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
- «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» бөлімінің студенттері, дәлірек айтсақ, АЖ-05-22 тобының студенттері Шымкент қаласының №10 мектеппен оқушыларымен AПФ форматындағы пікірсайыстан І-дәрежелі диплом, математикадан онлайн Феникс олимпиадасында Дилдора Юнусова мен Аяжан Нахова 3 орын, М.И. Цветаева алғыс хатпен марапатталды.
- АЖ-01-22 тобының студенттері «Тәуелсіздік — тұғырым» атты тақырыпта өткен колледжішілік сурет байқауында II орын алғаны үшін марапаттау қағазымен марапатталды.
- «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасымен іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «Менің үйдегі кітапханам» атты бейнероликтер конкурсына қатысып, жүлделі I-орын алғаны үшін, Бөлім студенті Ж.Ынтымаққа мараппаттау грамотасы берілді.
- Колледждің студенттік парламент Президентінің ұйымдастыруымен өткен мобилографтар конкурсында белсенділік танытып, видеоның авторы болғаны үшін Н.Боранбекке сертификат берілді.
- «Talap» КЕАҚ ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студент» байқауында бөлімдегі АЖ-01-19 тобының студенті Әсетұлы Абылайхан жеңімпаз атанып, колледж дәрежесін Республика көлемінде жоғары деңгейге көтерді.