Директор блогы

Өтегенов Мусахан Калаубекұлы

Сіздермен директордың блогы арқылы тілдесу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл колледж қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл біздің арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін біздің қарым-қатынасымыз, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар. Бұл байланыс бәрімізге пайдалы болады деп үміттенемін.

 Өтегенов Мусахан Калаубекұлы 8 ақпан 1966 жыл Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Чапаев селосында дүниеге келген. 1988-1993ж, Алматы автомобиль жол инстиутын бітіріп, “Инженер-құрылысшы” маманы болып, ал 1997-2000ж, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітіріп, “Заңгер” мамандығы бойынша магистр болып танылды.

Еңбек жолы: 01.07.1997- 01.09.1999 Қазақ мемлекеттік заң университеті, әкімшілік-шаруашылық бөлімнің бастығы. 03.09.1998-01.09.1999 Қазақ мемлекеттік заң университетінің директордың көмекшісі. 01.09.1999-08.12.2001 ТОО «Казына» директоры. 19.12.2001-04.09.2004 Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің оқытушысы. 07.09.2004-18.08.2005 Шымкент экономика және құқық колледжінің директордың көмекшісі, 18.08.2005-23.02.2007 Қаржы бөлімінің меңгерушісі, 23.02.2007-29.10.2008 Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, 29.10.2008-20.11.2019 Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, 20.11.2019-27.07.2021 «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК директордың міндеттерін уақытша атқарушы, 27.07.2021- қазіргі уақытқа дейін – «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК директоры.