Комплаенс офицер

Компалаенс қызметінің негізгі функциялары: «Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК-да Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер: Шалдарбеков Ахмед Молдабекович

Құқықтары мен міндеттері:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттар мен саясатты әзірлеу және өзектендіру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
  • мүдделер қақтығысын анықтау, бақылау және реттеу бойынша шаралар қабылдау;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, сондай-ақ корпоративтік әдеп кодексінің сақталуын бақылау;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
  • сыбайлас жемқорлық және/немесе оларға қатысу фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу;
  • олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
  • сыбайлас жемқорлықтың болжамды немесе нақты фактілері, корпоративтік әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері жөніндегі басқа да ішкі саясат пен рәсімдерді бұзу фактілері бойынша жүгінген тұлғалардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша оқытушыларды, қызметкерлерді, білім алушыларды қабылдау кестесі:

  • күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.00 дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
  • Мекен-жайы: ҚР, Шымкент қ., А.Байтурсынов, 23, «Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК, 214 кабинет.

Байланыстар үшін:

Сенім телефоны: 8 (700) 712-78-78

Е-mail: yaaha_81@mail.ru