Құрылыс бөлімі

Бөлім меңгерушісі:Калкабаев Жансултан Женисбайулы.

Қазақстан Республикасында құрылыс саласының қарқынды дамуына байланысты, құрылыс мамандықтары сұранысқа ие және қажет. Еліміздің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында колледжде бірнеше жылдан бері сапалы «Құрылыс» мамандарын дайындауда.

Құрылыс бөлімінде төмендегі мамандықтарды оқытады:

  1. Мамандығы: 07320100 — Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану
  2. Мамандығы: 07310400 — Дизайн, азаматтық ғимараттарды жобалау, қалпына келтіру, қайта құру
  3. Мамандығы: 07310100 — Архитектура

2022-2023 оқу жылындабөлімде16 топ білім алуда.Студент саны 404.

Оның ішінде: I курста – 7 топ 

IIкурста – 4топ

III курста – 3 топ

IV курста – 2 топ

Заман талабына сай сапалы маман дайындау үшін колледжде арнайы дәрісханалар, зертханалар, кітапхана, шеберханалармен жабдықталған.

Тәжірибеден өту үшін құрылыс компанияларымен келісім шарт жасасқан.

Сапалы білім берумен қоса бөлім студенттеріне патриоттық тәртіп, мәдениеттілік тәрбие берілуде. «Құрылыс» бөлімінде білім, тәрбие сағаттары ұдайы өткізіліп заман талабына сай маман дайындауға үлес қосуда.

«Студенттік қызық мол жылдар…»

Бөлімнің студенттері қаладағы Опера және балет театрына «Абай»  операсы қойылымына барып көрермендер қатырынан табыла білді.  

Республика күні — ұлттық мерекесі қарсаңында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында » Ардагерлер алғы сапта!» атты танымдық, мерекелік іс-шара өтті.Бұл іс-шараға Еңбек ардагері, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқмағанбетов Асылбек, ҚР білм саласының үздігі, жазушы Әбдуәлі Бегалы, Еңбек ардагері Ахметбаев Аманбек, ардагер ұстаз, т.ғ.к. Көмекбаева Балқия қатысып, жастарға тәлімдік құндылығы бар пікірлерін білдіріп, өнеге-өсиетке толы ұлағатты ойларды жеткізді.

Студенттер қатысып, ардагер ақсақалдардың батасын алды      

«Ұлы дала елінің ұлық мерекесі — Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағаты

«Ұлттық тәрбие –құндылықтың бастауы» атты ашық тәрбие сағаты 

І-курс студенттерін Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы экспонаттарымен таныстыру.

Түркістан облыстық  тарихи-өлкетану мұражайына саяхаттап, залда көрсетілген барлық  тарихи құндылықтарымен толық танысып, тарихи- тәрбиелік мәні зор сабақ алынды.

Бөлім  студенттері  үйірме жұмыстарға, спорттық т.б. жарыстарға қатысуып, жүлделі орын алуда:

«WorldSkills Shymkent-2022» республикалық чемпионатына қатысып ҚР-03-20 тобының студенті Халхожа  Юнус «WorldSkills Shymkent-2022» республикалық чемпионатына «Инженерлік  графика СAD» құзіреттілгі бойынша қатсушы ретінде

ДИ-01-21 тобының студенттерінің  колледж қабырғасында көрмесіжоғарғы деңгейде ұйымдастырылып өтілді.

Аялы алақан жәрмеңкесінде жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластары мен аялы алақандарын созып, адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқаны үшін Жоғары колледж бөліміне алғыс хат берілді.