Кітапхана оқу-тәрбие процесін әдебиеттермен және ақпаратпен қамтамасыз ететін колледждің құрылымдық бөлімі, сондай-ақ білімді тарату, рухани интеллектуалды қарым-қатынас, мәдениет орталығы болып табылады.
Кітапхананың міндеті – болашақ мамандардың жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы сұранысқа ие кәсіби маман болуына көмектесу, олардың өз бетінше шешім қабылдауы мен оған асқан жауапкершілікпен қарауына, өз кәсіби деңгейін көтеруіне мүмкіндік береді.
Колледж кітапханаға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасына жауапты. Білім беру процесіне қатысушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қауіпсіздік техникасы ережелеріне және өртке қарсы, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Кітапхана қоры білім беру бағдарламаларына сәйкес білім алушыларды оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен (электрондық ресурстармен) қамтамасыз ететін ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады.
Кітапхананың жалпы ауданы -256 ш.м. Кітапханада оқу залы мен абономент бірге. Кітапхана заман талабына сай жабдықталған. Оқу залының сыйымдылығы 100 орын. Кітапханада 9 компьютер Интернет желісіне қосылған. «Заң-Закон» деректер базасы ай сайын жаңа мәліметтермен толықтырылады. Кітапхана қоры «ИРБИС» 32 электронды каталогіне енгізілуде. Кітапхана қорындағы оқулықтар, оқу-әдістемелік, көркем әдебиеттер сканерленіп «Колледж смартснейшн» платформасына енгізілген. Кітапхана қоры колледж профиліне сай, барлық мамандық бойынша қажетті оқу, оқу-әдістемелік құралдармен, оқытушылардың өздері жазған оқу-әдістемелік, электронды басылымдарымен қамтылған. Кітапхана жыл сайын 28-35 атау оқу-тәрбие ісіне бағытталған мерзімді басылымдарға жазылады.
2022-2023 оқу жылындағы негізгі оқулық қоры 89095 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі оқулық саны-15185. Келтірілген контингент-2030 оқушы. Кітапхананың жалпы кітап қоры 101863 дана. Негізгі оқу қоры бір студентке шаққанда 45 кітаптан, жалпы кітап қоры 51 кітаптан тиеді.
2021-2022 оқу жылында кітапхана қоры-3639 оқу және көркем әдебиеттермен толықтырылды.Студенттерден үнемі колледждің материалдық-техникалық жабдықталуының қанағаттанарлық мониторингі жүргізіліп отырады. Іске асырылып жатқан бағдарламалардың талаптарына сәйкес ұсынылған миссияның мақсаттары мен міндеттерді орындау үшін жалпы, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыруда пайдаланылатын материалдық-техникалық, ақпараттық және кітапханалық ресурстары жеткілікті болып табылады. Колледждің материалдық-техникалық жұмыстарын жаңғырту, нығайту үшін материалдық ресурстар үнемі жетілдірілуде. Оқытушылар мен студенттер үшін материалдық-техникалық базаның қолжетімділігіне колледж қазіргі заманауи техникамен жабдықтауға, оқу дәрісханаларын, зертханаларын тиісті оқу-әдістемелік әдебиеттермен, жоғары жылдамдықты ақпараттық байланыспен жабдықтауға үлкен көңіл бөледі. Ақпараттық, техникалық және материалдық ресурстар жиынтығы білім беру үрдісін жеткілікті деңгейде дамытуды қамтамасыз етеді.
Барлық кітап қоры – 101863 бірлік. (1 студентке шаққанда 51 оқулық)
Оның ішінде:
- жалпы білім беру пәндері: жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша оқулықтар – 9842 бірлік;
- арнайы пәндер бойынша оқулықтар – 79027 бірлік;
- әдеби оқулықтар – 12768 бірлік;
- электронды оқулықтар – 360 бірлік;
- мерзімді басылымдарға жазылу – 32 бірлік.
2022-2023 оқу жылындағы кітап қорының құрылымы
р/с | Қор құрылымының атау | Саны | Соның ішінде | Оқыту тілдері бойынша% | ||
Орыс тілінде | Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Қазақ тілінде | |||
1 | Жалпы білім беретін пәндер | 7693 | 3052 | 4641 | 40,0 | 60,3 |
2 | Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік экономикалық пәндер | 2375 | 930 | 1445 | 39,1 | 61,0 |
3 | Жалпы кәсіптік және арнайы пәндер | 79027 | 69928 | 9099 | 88,4 | 11,5 |
Барлығы | 89095 | 73910 | 15185 | 83,0 | 17,0 | |
4 | Ғылыми кең тараған әдебиеттер | 6857 | 5022 | 1835 | 73,2 | 27,0 |
5 | Көркем әдебиет | 5911 | 3488 | 2423 | 59,0 | 41,0 |
Жалпы кітап қоры | 101863 | 82420 | 19443 | 81,0 | 19,0 | |
6 | Электронды басылымдар | 360 | 151 | 209 | 42,0 | 58,0 |
7 | Мерзімді басылымдар | 28 | 8 | 20 | 29,0 | 71,4 |
«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша 2022-2023 оқу жылына жоспарланған іс-шаралар
2022- жылдың 5-9 қыркүйек аралығында «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру және бірінші курс студенттерінің апталығы аясында кітапхана «Кітапхана – табыс аумағы» атты акция өткізді, өйткені кітапхана оқу-тәрбие үдерісін әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін, білімді тарату, рухани және интеллектуалдық қарым-қатынас, мәдениет орталығы болып табылатын колледждің маңызды құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Акцияны өткізу үшін кітапхана туралы таныстырылым дайындалды, экскурсия өткізілді: кітапхана қорымен таныстырылды, мерзімді және анықтамалық-библиографиялық басылымдар қорын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінетіні айтылып, әр мамандыққа кітапхана қандай мерзімді басылымдар жаздырып алатынын көрсетті.
Кітапхананың маңызды қызметі көрме қызметі болып табылады, оның мақсаты мен міндеттері — өз қорларының мүмкіндігін ашып көрсету. «Атаулы күндер күнтізбесі», «Мерзімді басылымдар әлемі» атты тұрақты көрмелер ұйымдастырылыптұрады.
Халық арасында кітап оқу мен оқуды ілгерілету және оқырмандық белсенділік деңгейін арттыру мақсатында кітапхана қызметкерлері колледж студенттері үшін түрлі іс-шаралар өткізеді.
Мысалы, «Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады»кітапханалық квилт,
«Болашақ- білімді жастардың қолында»интеллектуалды сайыс,
«Топтың үздік оқырманы» байқауы,Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша»шығармасын талдау.
«Менің үйдегі кітапханам»бейне роликтер конкурсы, «Кітаптар желісімен түсірілген көркем фильмдер» виртуальды кітап көрмесі «Менің қалам» кітапхана шолғыны Бук-слэм,«2022 жылы өзім оқыған ең қызықты кітап» сияқты іс-шаралар көптеп өткізілді.
Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай ҚПК сайтында «Ұлт мақтанышы» челленджі; Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын мерекелеу аясында студенттердің назарына «Ұлттың ұлы тәлімгері» атты жеке кітап көрмесін ұсынылып, шолу жасалды, көрме Алаш қозғалысының рухани көшбасшысы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін қалаушы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған. Көрмеде Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі, оның шығармашылығы туралы әдебиеттер, сондай-ақ ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы көтерілістер мен қуғын-сүргіндер туралы мақалалар ұсынылған. «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі жергілікті ақын-жазушылармен кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты — студенттерді ақын-жазушылардың шығармашылығымен таныстыру, оқуды насихаттау, білім алушылардың туған өлкесі ақындарының поэзиясы мен шығармаларына деген қызығушылығын арттыру. Іс-шараға топ студенттері мен кураторлар шақырылды. Авторлар өзінің жетістіктері туралы айтып, ойын тренингін, жаттығулар, ақындық жаттығулар өткізді. Іс-шара соңында кітапханаға кітаптарын сыйлады.
Кітапхананың ашық есік күні. Іс-шараның мақсаты — ұлттық құндылықтарды жаңғырту және дәріптеу, қазіргі оқырмандарға Қазақстанның әдебиетін, ғылымын, мәдениетін дамытуға, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуына, балалар әдебиетін дамытуға баға жетпес үлес қосқан Қазақстанның ғылыми және шығармашылық зиялы қауымының шығармашылығымен жан-жақты танысуға мүмкіндік беру.
Көрмеге әлемдік және шетелдік әдебиеттердің, қазіргі классиктердің, Қазақстан ағартушыларының иллюстрацияланған кітаптары; «100 ұлы кітап», «100 ұлы жазушы», «100 ұлы композитор» «100 ұлы спортшы», «100 ұлы әйел» серияларынан кітаптар; «Мыңжылдықтар даналығы», «Қазақстан классиктері», «Классика -иллюстрацияларда» сериясынан кітаптар қойылды.
«Қазақ поэзиясының шеберлері» сериясынан Қ. Мырза Әлидің, А.Құнанбайұлының, О. Сүлейменов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Қ. Аманжолов, О.Бөкей, С. Мәуленовтің қазақ тіліндегі кітаптары қойылды.
«Әлем балалар әдебиеті» сериясынан қазақ тіліндегі балалар көркем әдебиеті: «Дәнекер», «Қазақ ертегілері»; А. Толстой, Б. Немцова, Л. Лагин, к. Чуковский, Р. Фраерман, Э. По, Ф. Б. Лаймен, А. К. Дойл, М. Твен, Д. Стейнбек;
«Әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандары» серияынан келесі кітаптар: А.Беляевтің «Адам-балық», М. Твеннің «Гекелльбери финнің басынан кешкендері» кітаптары.
Ағылшын тіліндегі көркем әдебиет, «English Fiction Collection» сериясынан: W. Shakespeare Hamlet, A. Conan Doyel His last bow, M. twen the prince and the pauper, W. Somerset Maugham Theatre, L. Carrol Alices Adventures in Wonderland. Балаларға арналған «Кітап – менің досым» сериясындағы В. Осеевтің, В.Драгунскийдің, Н. Носовтың кітаптары.
Балаларға арналған Кітап ААА түрлі батареялармен жұмыс істейді: «Қазақ халық ертегілері», « Жыл басы», «Зерделі», «Еріккен хан», «Батпан құйрық».
Жобаны жүзеге асыру мақсатында Қостанай педагогикалық колледжінің кітапханасы қазақ тіліндегі жаңа көркем әдеби кітаптармен толықты: Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар»(2022); М.Әуезовтің. «Абай жолы». (Жинақ 1, 2, 3, 4 кітап), (2021); Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»(2022) кітаптары.
Бірінші курс студенттеріне библиографиялық сабақтар өткізу үшін топтардың тізімі дайындалды, өткізу кестесі, өткізу жоспары, таныстырылымдар жасалды. «Кітапхана туралы не білесің?» атты сабақ-әңгіме. Кітапхана құрылымымен, кітапхана қызметкерлерімен танысты. Кітапхана жұмысының ережелерімен, кестесімен танысты. Жадынама мен буклеттер дайындалды.
«Оқуға құштар колледж» жобасына арналған барлық іс — шаралардың басты мақсаты-кітап пен оқуды насихаттау, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту және оқырмандарға түрлі кітаптарды ұсыну.