КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ, ПАЙЫМДАУЫ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: Құндылықтарға негізделген білім беру арқылы бәсекеге қабілетті, құзіретті  мамандар дайындау.

ПАЙЫМДАУЫ: Шымкент қаласы Білім басқармасының «Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» экономика, заң,ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылыс,энергетика, және мұнай-газ өндірісін автоматтандыру бағыттарында бәсекеге қабілетті, жұмыс берушілердің талаптарына сай маман дайындайтын республикамыздағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ: Еңбек нарығының және аймақтағы жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары білікті орта деңгейлі кадрларды даярлау.

  • Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту процестері негізінде бәсекеге қабілетті және жоғары білікті кадрларды даярлауды жетілдіру, болашақ мамандарды даярлаудың дуальды жүйесін дамыту.
  • Техникалық және кәсіптік білім беру саласында жаңа реттеу механизмдерін құру арқылы еңбек нарығының қажеттіліктерін қамтитын сапалы білімге жағдайлар жасау;
  • Әр түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесінің негізін және практикалық бағытын дамыту;

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ

  • Білім беру процесінің барлық қатысушыларына ең тиімді білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • Қауіпсіз және жайлы оқу ортасын қамтамасыз ету;
  • Білім беру үдерісіне worldskills стандарттарын енгізу;
  • Педагог оң имиджін қалыптастыруға жағдай жасау;
  • Әлеуметтік серіктестік спектрін кеңейту, қоғамдық ұйымдармен және қорлармен, жұмыс беруші кәсіпорындармен, білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық, оның ішінде халықаралық ынтымақтастықты қалыптастыру.
  • Жастар арасында белсенді азаматтық позицияны, әлеуметтік жауапкершілікті, патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және азаматтық қасиеттерді қалыптастыру;
  • Инженерлік-оқытушылар құрамы мен колледж студенттерінің ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметі үшін жағдайлар жасау;
  • Студенттерді worldskills қозғалысына кеңінен тартуды қамтамасыз ету;
  • Білім беру мекемесінің оқу, материалдық-техникалық базасын жаңарту, зертханаларды, оқу-өндірістік шеберханалар мен кабинеттерді қажетті жабдықтармен және техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз ету, цифрлық инфрақұрылыммен жабдықтау;
  • Студенттердің білім сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу;
  • Білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету, экономика қажеттіліктеріне және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес кәсіптік даярлау;
  • Білім алушылардың интеллектуалды, рухани, адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету;
  • Оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсартуға деген ынтасын арттыру үшін педагогтардың еңбек жағдайларын жақсарту;
  • Колледждің инженерлік-оқытушылық құрамы үшін материалдық және материалдық емес ынталандыру шаралар кешенін жүзеге асыру;
  • Құзыреттілік орталығы негізінде инновациялық жобаларды қолдау үшін стартап-платформаны құру.